Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жазған. Айтуларынша, 4А шағын аудандағы «Жартас соқпақтары» жағалауында бір аққу өліп жатыр, тағы біреуі әлсіреп, ұша алмай жүр.
– Жергілікті тұрғындарға бұл ауыр тиеді. Құстардың, итбалықтардың өлімі жиілеп кетті. Қанаттылардың өлімін мамандар табиғи жағдай деп жылы жаба салады. Бұл дұрыс емес, тексеріп, себебін анықтау қажет, - дейді әлеуметтік желіде пікір қалдырған Анатолий есімді тұрғын.
Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарлауынша, 20-наурыздағы суды сынау хаттамасына сәйкес, Каспий теңізі суының құрамынан ластаушы заттар табылмаған.
– 4А шағын аудандағы жағалаудан табылған өлі аққуға қатысты мамандар су сынамаларын қайтадан алып, оның құрамына химиялық талдау жүргізеді, - делінген хабарламада.
Бұл туралы kaz.inform.kz жазды.