$503.42 €542.08 ₽6
×

Алматылықтарға тауға бармауға кеңес берілді

AstanaTV
24.03.2025ж. 13:12
183
Алматылықтарға тауға бармауға кеңес берілді
Фото: kovinov.com

Алматы қаласының төтенше жағдай департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын таулы аймаққа шықпауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Департамент "Қазгидрометтің" дауылды ескертуінің негізінде 24 наурызда Алматыда күндіз қатты жауын-шашын жауатынын хабарлады.

"Қалада найзағай күтіледі, сондай ақ солтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай жел соғып, жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Қатты жауын-шашын немесе қатты жел туралы дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, тіпті таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс", - делінген хабарламада.

ТЖД қала қонақтары мен туристеріне жеке қауіпсіздік шараларын сақтап, тауға шықпауға шақырды.