$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Трампты қолдаған Илон Маск 148 млрд долларынан айырылды

AstanaTV
24.03.2025ж. 18:00
337
Трампты қолдаған Илон Маск 148 млрд долларынан айырылды
Фото: epravda.com.ua

Америкалық бизнесмен және миллиардер Илон Маск екі айда 148 миллиард долларынан айырылды. Осыған қарамастан ол әлі де әлемдегі ең бай адамдардың қатарында болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Bild-тың жазуынша, Масктың байлығы 321 миллиард долларға бағаланады. Десек те, сарапшылар миллиардердің байлығы азайып жатқанын айтады. Бұған Тесла акцияларының Дональд Трамптың президенттік инаугурациясынан кейін 40%-дан астамға құлдырауы себеп.

Тесланың дәстүрлі тұтынушылары – либералды көзқарастары бар сатып алушылар компания басшылығынан теріс айналып жатыр.

Ақпан айында компания 43 650 көлік сатты, бұл былтырғыға қарағанда 6%-ға аз. Еуропада соңғы уақытта сату көлемі 75%-ға төмендеген.

Инвесторлар компаниядағы ахуалға алаңдаушылықпен қарап отыр. Кейбірі Илон Маск Tesla басшылығынан кетуі тиіс деп есептейді.