$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Көз жұмғандар бар: Ақмола облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

AstanaTV
24.03.2025ж. 17:09
321
Көз жұмғандар бар: Ақмола облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Ақмола облысында «ВАЗ» маркалы жеңіл көлік пен «YUTONG» автобусы соқтығысты.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 23 наурыз күні «Степногорск-Заводская кенті» автожолында болған. «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттан сол жерде көз жұмды. Жеңіл көлікте болған кәмелетке толмаған тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды. 

Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның нәтижеі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. 

— Мұндай оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушылар жылдамдық режимін, әсіресе көлік ағылған жол учаскелерінде қатаң сақтауы қажет. Бұдан басқа, автокөліктің техникалық жай-күйін үнемі бақылауда ұстаған жөн, - деді Степногор қаласы полиция басқармасының бастығы Талғат Сақанов. 

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.