$503.42 €542.08 ₽6
×

Синоптиктер Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

AstanaTV
24.03.2025ж. 18:35
169
Синоптиктер Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Синоптиктер 24 наурыз күні Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, ауа райының қолайсыз метеожағдайлары қалыптасуы мүмкін. Бұл – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі нәтижесінде зиянды заттардың жер бетіне жақын атмосфера қабатында жиналуына ықпал ететін құбылыс. Мұндай жағдай халық көп шоғырланған аймақтарда ауаның ластану деңгейінің артуына алып келуі мүмкін.

Ауа сапасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – метеорологиялық жағдайлардың болжамы. Оған желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы кіреді.

Мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларын ұстанып, ауа сапасына байланысты ресми мәліметтерді қадағалап отыруды ұсынады