$503.42 €542.08 ₽6
×

Уша Вэнс бастаған АҚШ делегациясы Гренландияға барады

AstanaTV
24.03.2025ж. 23:42
216
Уша Вэнс бастаған АҚШ делегациясы Гренландияға барады
Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамптың аралды аннексиялау жоспарлары туралы мәлімдемесіне байланысты осы аптада АҚШ-тың жоғары деңгейдегі делегациясы Гренландияға «аралдың дәстүрлерімен танысу үшін» барады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Делегацияны АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің әйелі Уша Вэнс басқарады. Делегация құрамында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц пен энергетика министрі Крис Райт болады.

Вальс пен Райт Гренландиядағы АҚШ әскери базасы – Питуффик ғарыш базасына баруды жоспарлап отыр.

Содан кейін олар Уша Вэнске қосылып, тарихи орындарға барады және «шанаға жегілген иттер» ұлттық жарыстарына қатысады.

Еске салайық, Трамп президенттік қызметіне кіріскеннен кейін Гренландияны АҚШ-қа қосу ниеті туралы мәлімдеген болатын. Алайда аралдың да, Данияның да үкіметтері Америка президентінің идеясына қарсы шықты.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.