$503.42 €542.08 ₽6
×

Ұшқыш көз жұмды: әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады

AstanaTV
25.03.2025ж. 00:25
216
Ұшқыш көз жұмды: әуе шоуы кезінде ұшақ апатқа ұшырады
Фото: видеодан алынды

Оңтүстік Африканың Салданья қаласында өткен Батыс жағалаудағы әуе шоуы кезінде жүздеген көрерменнің көз алдында ұшақ апат болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Malim.kz-ке сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ шоу кезінде толықтай бақылауда болды. Бірақ соңғы маневрден кейін кенет басқарудан шығып, төменге қарай құлдилады.

Әуе шоу кезінде ұшақ тәжірибелі ұшқыш Джеймс О'Коннелл басқаруында болды. Ол апат кезінде қаза болды. 

Шоуды ұйымдастырушылардың айтуынша, ұшқыш апат кезінде катапульталауды орындамаған. Дәрігерлер оқиға орнына апат болғаннан кейін екі минут ішінде жетті. Бұл уақытта апат болған ұшақ қирандысы отқа оранған еді. 

Оңтүстік Африканың азаматтық авиация басқармасы ұшақ апатына не себеп болғанын анықтап жатыр.