Жаңаөзенде полиция қызметкерлері Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі тасыған ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық ұлан баспасөзінің қызметінше оқиға Көктем ықшам ауданында болған. Құқық қорғаушылар үйлердің бірінің маңынан күдікті азаматты байқаған. Оны тоқтатып, тексерген кезде 15 орам ұнтақ табылған.
«Біз оны тоқтатқан кезде оның іс-қимылы күмән тудырды. Тінткен кезде одан 15 орам белгісіз зат табылды. Ол заттар изолентамен оралған», - деді жасақ нарядының басшысы Оңғарсын Ақмұратов.
Күдіктінің бұған дейін де бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.