Бүгін, 25 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші ойынында сырт алаңда Лихтенштейнмен қарсы өткізеді.
Kazinform.kz сайтының мәліметінше, кездесу наурыздың 25-інен 26-ына қараған түні сағат 00:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Лихтенштейн құрамасы - Қазақстанның УЕФА аясындағы 48-інші қарсыласы. Олар ФИФА рейтингінде 204-орында келеді. Әзірге ешқандай жоғары нәтижесімен көзге түскен жоқ.
Екі құрама бұған дейін бірде-бір мәрте кездеспеген.
Аталған матчта Джон Битон бастаған шотландиялық төрешілер қызмет атқарады. Оған отандастары Дэниел Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмек береді. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі - Дэвид Дикинсон.
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов жеке себептерге байланысты ұлттық құраманың алдағы ойынына қатыса алмайтын болды.
Бүгінгі кездесуде Александр Заруцкий, Мұхаммеджан Сейсен және Темірлан Анарбековтің қақпашылық міндетті атқаруына мүмкіндігі бар.
Ел құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында ойын көрсетіп жатыр. Қарсыластары - Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Іріктеу кезеңі 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында аяқталады.