Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссияларында Арал теңізін толтыру мәселесін басымдық ретінде қарастыру қажет. Төменгі жіберілетін судың азайтылуы Солтүстік Арал теңізінің тартылуының күрделі мәселесіне айналуда. Мұрат Ергешбаев депутаттық сауалында осылай деді.
"Судың аз келуі салдарынан соңғы төрт жыл қатарынан тұрақты суаруға бекітілген лимит қайта қаралып келеді. Нәтижесінде, күріш егісінің көлемін қысқартуға мәжбүр болдық. Мысалы, өткен жылы сулы жыл болғанымен, күріштің егіс көлемі 3,8 мың гектарға қысқартылды(89 мың га-дан 85,6 мың га.). Күріш егілмей қатты тұздалған топырақта басқа дақылдардан жоғары өнім алу мүмкін емес. Аймақтың бұл ерекшелігін де ескеруіміз қажет", - деді депутат.
Жыл сайын әсіресе вегетация кезеңінде Сырдария өзенімен төменге жіберілетін судың азайтылуы Сыр өңірінің экономикалық және экологиялық жағдайы мен халқының тыныс-тіршілігіне қиын тиіп жатыр.
"Соңғы жылдары Өзбекстанда орналасқан Арнасай көлдер жүйесінекөп көлемде су жіберіліп келеді.Бұл 2023 жылы су тасқынының алдын алу үшін жіберілсе, 2024 жылдан бастап жоспарлы түрде тасталуда (2023 ж.- 500 млн. м3, 2024 ж.- 692 млн. м3).Қаңтар айында өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Су қатынастарының барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдету бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысында Арнасайға 1542млн. текше метрсу жіберутуралы келісім жасалғаны белгілі.
Бүгінде Арнасайға 1,5 млрд. текше метр су жіберіліп, келісімнің орындалуына қарамастан, Арнасайға су жіберу жалғасуда. Салдарынан ақпан айында Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберіліп жатқан су 100 текше метрге (650 м3/сек-ден 550-ге), азайса, наурызда су жіберу көлемі 200 текше метрге дейін азайтылды. Солтүстік Арал теңізінің тартылуының күрделі мәселесі бола тұра, Арнасайға 50 текше метр су жіберіп,көрші елдің көлін толтыруымен айналысып отырмыз", - деді депутат.