Атырау облысында 26 наурыз күні таңертең жантүршігерлік жол апаты болып, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 26 наурыз күні таңғы сағат 7:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында болған. Полицияның мәліметінше, Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta көлігі соқтығысқан.
Үш адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.