$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Премьер-министр су тасқынын бақылауға алуды тапсырды

AstanaTV
12.04.2016ж. 20:00
1394
Премьер-министр су тасқынын бақылауға алуды тапсырды

Қызыл су 4 аймақтағы 43 ауылды басып, 500-ден аса үйге кірген. 20 шақырымды құрайтын жолды ағызып әкеткен. Қираған 2 көпір бар. Бұл туралы су тасқынына қатысты өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов айтты.

Қауіптің беті әлі қайтқан жоқ. Сондықтан премьер-министр жағдайды қатаң бақылауға алып, егін науқаны жұмыстарын үздіксіз жүргізуді тапсырды. Биыл егіс көлемін 400 мың гектарға үлғайту көзделген. Ал сақталған 366,8 мың тонна дизельді отын қоры шаруаларға жеткілікті, - деді Энергетика министрі.