$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Қазақстан АҚШ-қа жалға жер беретін болды

26.03.2025ж. 20:00
122
Қазақстан АҚШ-қа жалға жер беретін болды

Қазақстан АҚШ-қа жалға жер беретін болды. Депутаттар заң жобасын ратификациялады. Енді келісім бойынша біз АҚШ үкіметіне 70 593 шаршы метрді 49 жылға уақытша рәсімдейміз. Жер Алматы қаласынан таңдалған. Құжат күшіне енгеннен кейін олар елге 25 301 016 АҚШ долларын төлейді. Бұл еліміздің саяси тұрғыда дамуына мүмкіндік береді дейді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

АҚАН РАХМЕТУЛЛИН, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекет басшысы 2019 жылы БҰҰ-ның бас ассамблеясының 74 сессиясына қатысу қорытындысы бойынша Алматы қаласында АҚШ консулдығы мекемесін салу үшін жер беру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Нью-Йоркте 2024 27 қыркүйекте келісімге қол қойылды.