$516.16 €584.86 ₽6.25
×

"Құндақтаулы күйінде мәйітханадан алып шықты": Ана мен бала өлімі көбейді

26.03.2025ж. 20:00
172
"Құндақтаулы күйінде мәйітханадан алып шықты": Ана мен бала өлімі көбейді

Ана мен бала өлімі жиіледі. Соңғы алты жылда 563 әйел босану кезінде тіл тартпай кетті. Көз жұмған аналардың 54%-ы қалада, 46%-ы ауылда тұрады. Құндақтаулы күйінде мәйітханадан шыққан сәби саны да аз емес. Айналдырған бір жылдың ішінде  екі жарым мың бала көзін ашпай жатып о дүниеге аттанған. Қайғылы жағдай Абай, Ақтөбе, Алматы мен  Жетісу және Ұлытау облысында жиі қайталанады. Депутаттар бұған перзентханалардың  халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі себеп дейді. Оның үстіне маман тапшылығы да байқалады.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Салада проблема жеткілікті, басқасын былай қойғанда Астана қаласындағы перзентханаларда 550 төсек тапшы. Оған қоса маман жеткіліксіз. Елімізде 4 702 акушер-гинеколог жұмыс істейді, тағы 389 маман керек. Босандыру ұйымдарында тек 1 679 акушер – гинеколог жұмыс істейді, оның 560-ы ғана (35%) ампутация жасай алады. Ал акушерияда операциялық техниканың барлық түрлерін тек 438 дәрігер ғана (21%) орындай алады. Бұл үлкен проблема.