"Жүріп бара жатқан көлікті жол бойында жөндеуге мәжбүрміз". Депутат Нартай Сәрсенғалиев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін сынға алды. Мәжілісмен стоматология саласында тегін ем алу мүмкін емес екенін алға тартты. Тіс емдеуге жұмсалатын шығындарды қамтамасыз ету үшін азаматтардың МӘМС-ке төлеген ай сайынғы жарнасының бір бөлігін арнайы жинақтаушы шотқа аударуды ұсынды. Бұдан бөлек жүйеге тіркелмеген тұрғындар да нақты диагноз қойылғанша тегін қаралуы керек деген пікір айтты.
НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Азамат емханаға ауырып келген кезде оны қарау, ОСМС болсын, болмасын бәрібір, қарау және диагноз қойғанға дейінгі аралық тегін болсын деп отырмын. Одан кейін МӘМС бар ма, жоқ па есепке алынсын. Ауырып келген азаматқа сенде МӘМС жоқ деп итеріп жіберу 2,4 млн адамға әсер ететін дүние.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
2 диагноз бойынша ғана бүгінгі таңда іске асырып отырған нәрсені біз 8 диагнозға дейін, яғни, әлеуметтік маңызы бар аурулар оның ішінде онкологиясы бар, туберкулез, ВИЧ, СПИД, гепатит деген аурулардың барлығын тегін кепілдендірілген статусына қарамастан қамтитын боламыз.