Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Лю Цзяньчао осылай деді. Қытай Коммунистік партиясының Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі екі елдің мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән беретінін жеткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.