$514.5 €582.67 ₽6.35
×

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы рекорд орнатты

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы рекорд орнатты

Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы кірісін көбейтіп, рекорд орнатты. Акционерлік қоғам жыл ішінде 23 мың тоннадан аса уран өндірген. Осылайша табыс көзі 1,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов хабарлады. Ұлттық компания былтыр 8 елдегі 19 тұтынушыға өз өнімін сатқан. Біріккен Араб Әмірліктері мен Канададағы клиенттерге алғашқы жеткізілімдер жүзеге асырылды. Сондай-ақ, швейцариялық энергетикалық компаниямен алғашқы келісімшарт жасалған. Басқарма төрағасының айтуынша, компания Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ресурстық базаны кеңейту және тиімді пайдалану бойынша жұмысты жалғастыра бермек.

МЕЙІРЖАН ЮСУПОВ, «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біз халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатырмыз. Тәжікстанмен сирек және сирек жер металдар бағытын дамыту бойынша, ал Франциямен білім беру және атом саласы үшін кадрлар даярлау саласында меморандумға қол қойдық. Моңғолияның аумағында уранды барлау және өндіру жобаларын зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Осы жобалар бойынша біз әрі қарай жұмысты жалғастыра береміз.