$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа құтқару ұшағын алды

26.03.2025ж. 20:00
182
Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа құтқару ұшағын алды

Төтенше жағдай министрлігі жаңа құтқару ұшағын алды. Чехияда құрастырылатын L-410-ды күтіп алу салтанаты Астана әуежайында өтті. Бұған дейін төтеншеліктер тарихында мұндай техника  болмаған.

БЕКБОЛАТ САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:

Чехиялық L-410 ұшағы сағатына 380 шақырымды басып өтуге қауқарлы. Мұнда он тоғыз адамға орын бар. Сонымен қатар мұнда кез-келген ауа райында ұшуға мүмкіндік бар. Мұнда сыртында жылыту жүйесі орнатылған. Сонымен қатар L-410 ұшағында кез-келген аймақта, тіпті 400 метрлік ұшу айлағында да ұшып қонуға ыңғайлы.


Ұшақты тізгіндеу үшін министрлік 6 ұшқышты Чехияда арнайы оқу курсынан өткізген. Ұшқыштар заманауи ұшу көлігінің артықшылығы көп дейді.

АБДУЛАХИТ ХАМИТОВ, ҰШҚЫШ:

Өткен үлгілерге қарағанда ұшып-қону арақашықтығы қысқартылған және жүкі тасымалдау қабілеті жақсартылған. Алдыңғы жүк бөлімшесі үлкейтілген. Және паращюттік десанттық үлгіде модификациаланған.


Ұшақ құтқару қызметін күшейтіп қана қоймай, табиғи апаттардың және басқа  да оқиғалардың алдын алуда тиімді көмектеседі. Құтқарушылар  мен құрал-жабдықтарды және гуманитарлық көмекті шалғай өңірлерге жеткізуде таптырмас мүмкіндік береді.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Егемендік алғалы бері төтенше жағдайлар министрлігінде ешқашанда су жаңа ұшақ алынбаған бұрын. Енді Президенттің қолдауымен үкіметтің қолдауымен өнеркәсіпті қолдау қоры арқылы лизингтен алынған бұл бірінші ұшағымыз.


Министрлік биыл осындай төрт ұшақ алуды жоспарлап отыр. Қалғандары жазда әкелінеді. Олар Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне беріледі.