Шымкентте 2 600 түп көшет егілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы шараға жүздеген адам қатысты. Ауқымды шара мегаполистің жаңа ауданындағы «Әбілқайыр хан» атындағы көше бойында ұйымдастырылды. Жиналғандар әуелі осы аумақты қоқыстан бір тазартып, жер бедерін тегістеп шықты. Қаланы көгалдандыру жоспары аясында бұл жерлерге шынар ағашының көшеттері егілуде. Жас өскіндердің көшеті өңірдегі жергілікті тұқымбақтарда көбейтілген. Бұдан былай шаһарда шынар ағашы көптеп өсіріледі. Себебі, бұл ағаш ыстық климатқа бейім, ғасырлар бойы көлеңке сыйлайды,-дейді мамандар.
ЖАРЫЛҚАСЫН МӘШБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Шынар ағашын таңдағанымыз-ол біріншіден адамға көлеңке береді. Одан бөлек біздің экологиямызға пайдалы. Сонымен қатар шынар ағашының өмір сұру ұзақтығы көп. Нағыз біздің шымқаламызға арналған ағаш десек болады. Бұл шынар ағаштары негізі 500 жылға дейін өмір сүру деңгейі бар. Кислородты адамға көптеп береді. Сол мақсатта егіп жатырмыз.