$503.15 €543.3 ₽5.93
×

«Тұран дала, әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысы өтті

«Тұран дала, әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Түркістанда аламан айтыс өтті. «Тұран дала, әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысын «AMANAT» партиясы мен Түркістан қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Ұлыстың ұлы күнінде Түркістан қаласының ерекше мәртебе алу құрметіне орай өткен аламанға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 айтыскер қатысты. Сөз маржанын терген ақындар қала тұрғындары мен қонақтарына жырдан шашу шашып, тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.  Жыр додасын Аманжол Әлтай жүргізді.  Бас жүлдені Шұғайып Сезімхан жеңіп алды. Ол 1,5 млн теңге бас жүлдені иемденді.  

НҰРБЕК БӘКІРҰЛЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Наурыз бен айтыс деген жалпы бір қазақтың егіз ұғымы сияқты. Бұл жерде мысалыға, наурыз көжеде 7 түрлі тағам қосылса, айтыста жеті өнердің басы қосылған деген сияқты... Енді шамамыздың жеткенінше ағайынға көңіл күй сыйлап, осы Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Түркістанға деген жыр шашуымызды алып кеп отырмыз.