$504.44 €545.65 ₽5.95
×

Орал қаласын қоқыстан тазарту халық көңілінен шықпайды

AstanaTV
26.03.2025ж. 20:00
246
Орал қаласын қоқыстан тазарту халық көңілінен шықпайды

Орал қаласын қоқыстан тазарту халықтың көңілінен шықпай отыр. Амалы таусылған тұрғындар төңіректі тазартып беріңіз деп қала әкіміне тікелей шағымдануға мәжбүр.

Жыл сайын Оралдың өзінен 100 мың тоннадай тұрмыстық қалдық шығарылады. Жергілікті әкімдіктің дерегінше, оның тек 10-15 проценті сұрыпталады. Қалғаны қала сыртындағы полигонға тасылады. Бірақ ол полигонға жеткенше ит тістеп, қаңғыбастар қопарып кететін контейнерлер уақытылы тазартылмайды.

АЙБОЛАТ БӨКЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Міне, көріп тұрсыздар, ішін біреу тазалайды. Сыртын біреу тазалайды. Сонда екеуіне бір тендер өткізсе, бәрін тазалап кетеді ғой. Бұрын сондай болды. Қазір сыртын біреу тазалайды, ішін біреу тазалайды. Сосын қазір халықтың мәдениеті дұрыс емес қой, келеді де сыртына лақтырып кетеді. Ит аралайды, бомждар келеді.  


Өңірлегі ескі полигон лық толы. Оның қызметін тоқтатудың өзіне 12 млрд теңге керек екен. Ал экологтар қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастырғанда ғана қайта өңдеу ісі жеңілдейтінін айтады. Бүгінде облыс орталығында тұрмыстық қалдықтардан өрнектас, дәретхана қағазы, сабын секілді түрлі бұйым шығаратын шағын кәсіпорындар жұмыс істейді.

ДӘУРЕНБЕК САХЫМ, ЭКОЛОГ:

Араласып кеткеннен кейін қалдықтар... оны өңдеу өте қиын. Пластигі бөлек, қағазы бөлек, пленкасы бөлек. Соны бөлек машина келіп алып кетуі керек. Ал бізде америкалық методпен бәрін бір машина алады. Ол преске түседі, машина престегеннен кейін ананың бәрі жарылады да, бәрі кәші болып қалғаннан кейін оны сен адамды істете алмайсың. Тазарту тағы энергия ғой, жуу керексің, жаңағы бүкіл қағазды дробить етіп, оны қайнатып барып шығару керексің.