Ақтөбеде Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында пневматикалық мылтықпен нысана көздеп ату бойынша Республикалық біріншілік өтті. Оған еліміздің түкпір түкпірінен 15 команда қатысты. Сайысқа 14 пен 17 жас аралығындағы сексенге жуық оқушы қамтылған. Жарыс екі күнге созылады. Қатысушылар әуелі тіреумен ату, сосын тіреусіз ату бойынша бақ сынап, нағыз мерген аруды анықтайды. Оқушылардың барлығы мектепте алғашқы әскери даярлық пәнінен пневматикалық мылтықпен көздеп атудан даярлықтан өткен.
АЙЖАН БАҚТЫБАЙ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Мен жалпы мылтықты шашу уақытым 7-8 секунд, ал жинайтын уақытым 13-14 секунд. Жалпы 22-23 секундтта мылтықты шашып, жинаймын. Ең бастысы настрой. Өз-өзімізге сенімді болып және қалай бар солай алып шығамыз. Жарыста өз өнерімізді барынша көрсетіп.