$503.42 €542.08 ₽6
×

Атырауда есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды

AstanaTV
26.03.2025ж. 21:53
211
Атырауда есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды

Атырауда есірткі таратумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі заттарын таратты деген күдікпен 22 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын ұстады. Тексеру барысында күдіктінің жалдап тұрған пәтерінен екі түйіншек пен екі электронды таразы, кейін тергеу әрекеті барысында үш түйіншек табылып, тәркіленді. Жалпы саны 5 түйіншектен құны 150 мың теңге болатын 4 граммға жуық марихуана заты тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.