$503.42 €542.08 ₽6
×

ҰБТ-2025: ереже бұзған 121 талапкердің нәтижесі жойылды

AstanaTV
26.03.2025ж. 22:33
212
ҰБТ-2025: ереже бұзған 121 талапкердің нәтижесі жойылды

ҰБТ тапсыру кезінде ережеге қайшы іс-әрекет жасаған 121 талапкердің тест нәтижелері жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тестке қатысушылардың 70,7%-ы қазақ тілінде, 29,2%-ы орыс тілінде, 100 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Талапкерлердің 43-і тыйым салынған заттарды тестілеуге алып кіруге тырысқан. 55 талапкер тестілеу кезінде ережелерді бұзған. Ал 23 адамның сертификаттары тестілеудің бейнежазбаларын тексеру нәтижелері бойынша жойылды.

Наурыз айы басталғалы бері 88 мыңға жуық талапкер тест тапсырды. Қатысушылардың 72%-ы шекті балдан асқан. Орташа балл 65, ең жоғары балл – 139 балл болды, – делінген хабарламада.