$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Әзербайжанда жер сілкінісі болды

AstanaTV
27.03.2025ж. 06:26
Әзербайжанда жер сілкінісі болды

Әзербайжанның Мингячевир су қоймасында жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Oxu.Az хабарлағандай, бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология қызметінің Республикалық орталығы мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері "Гянджа" сейсмикалық станциясынан 46 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Самух ауданында (Мингячевир су қоймасы) тіркелді.

Айта кету керек, апаттың эпицентріне жақын орналасқан елді мекендерде жер сілкінісі 3 баллға дейін сезілген.