$504.44 €545.65 ₽5.95
×

Марадонаның өліміне өтірік куәлік берген күзетшісі қамауға алынды

AstanaTV
27.03.2025ж. 14:13
114
Марадонаның өліміне өтірік куәлік берген күзетшісі қамауға алынды
Фото: champion.com.ua

Диего Марадонаның өліміне қатысты тергеу барысында бұрынғы күзетшісі Хулио Корианың сотталуы мүмкін екені айтылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу деректеріне сәйкес, Кориа футболшының өлімі кезінде оның үйінде болған және алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Десе де, ол сотта нейрохирург Леопольдо Луке мен психиатр Агустина Косачовпен байланысы болмағанын мәлімдеген. Прокурор Патрисио Феррари оның бұл сөзін жоққа шығаратын жазбаша хат алмасулар мен телефон әңгімелерін дәлел ретінде ұсынып отыр.

Диего Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұған дейін оған миындағы қан ұйығын алып тастау үшін ота жасалған еді.

Еске салайық, Диего Марадона – футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірегейі. Ол – ХХ ғасырдың үздігі атанған ойыншы.