$503.42 €542.08 ₽6
×

Алматыда 19 жастағы қыздың денесі табылды

AstanaTV
27.03.2025ж. 22:00
209
Алматыда 19 жастағы қыздың денесі табылды

Мегаполистегі көпқабатты тұрғын үйдің бірінен 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 27 наурыз күні Алмалы ауданындағы "Кәусар" тұрғын үй кешенінде болған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі 19 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, - деді Салтанат Әзірбек.