$503.42 €542.08 ₽6
×

«Сезімім сөнді»: Қайрат Нұртастың әйелі балаларын алып, шетелге кетіп қалды

AstanaTV
27.03.2025ж. 22:38
205
«Сезімім сөнді»: Қайрат Нұртастың әйелі балаларын алып, шетелге кетіп қалды
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің жұбайы балаларымен бірге шетелге демалысқа кетіп бара жатқан сәтінен фотолар жариялады. Актрисаның жариялаған фотоларында күйеуі Қайрат Нұртастың жоқ екенін байқауға болады.

«Абонент байланыс аясынан тыс жерде, оның сезімі уақытша сөндірулі», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Актриса желі қолданушылары тарапынан қайда кеткені жөнінде қойылған сауалға да жауап беріп өтті.

«Ой шіли, қатты алысқа емес, мына тұрған жерге ғой. Аман-есен жетіп алған соң бөлісемін», - деп жазды әншінің жұбайы.