$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Қостанай тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің баласын аса қатігездікпен өлтірген

27.03.2025ж. 20:00
127
Қостанай тұрғыны азаматтық некедегі әйелінің баласын аса қатігездікпен өлтірген

Қыршыннан қиылған ғұмыр. Қостанайда 16 жастағы жасөспірім өгей әкесінің қолынан қаза тапты. Мас күйінде кісі өлтірген күдікті ұсталды. Ол баланың анасымен азаматтық некеде тұрған адам боп шықты. Бұған дейін бірнеше рет сотталған көрінеді. Күдікті жасөспірімді аса қатігездікпен өлтіріп, одан кейін оның анасын ұрып соққан. Ол енді жиырма жылға дейін немесе өмір бақи бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қылмыстық іс сотқа  жолданды.

ДУЛАТ ЕДРЕС, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БІРІНШІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:


Тергеу барысында 2025 жылы 9 қаңтар бұрын бірнеше рет сотталған Қостанай қаласының тұрғыны, бір бөлмелі пәтерде мас күйінде  болған кезде бірге тұратын әйелінің кәмелетке толмаған ұлын аса қатігездікпен өлтіргені, содан кейін соңғысын ұрғаны анықталды.Күдіктінің іс-әрекеттері қылмыстық кодекстің 99-бабы 2- бөлігі 3,5,14, тармақтары,108-1 бабы 1-тармағы бойынша сараланды.