$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Алматы облысындағы Жауғашты әйелдер колониясында аналарымен бірге отырған 17 бүлдіршін уланып қалған

AstanaTV
27.03.2025ж. 20:00
156
Алматы облысындағы Жауғашты әйелдер колониясында аналарымен бірге отырған 17 бүлдіршін  уланып қалған

Алматы облысындағы Жауғашты әйелдер колониясында аналарымен бірге отырған 17 бүлдіршін  уланып қалған. Барлығы ауруханаға түсіп, үшеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл туралы адвокат Айман Омарова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, темір торда отырған аналар жансақтау бөліміне түскен балаларын көре алмай, шеттетілген.  « Бұл жағдайды Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі жіті назарға алуы тиіс»,- деп дабыл қағады адвокат.

АЙМАН ОМАРОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ, АДВОКАТ:


14 бала сол Жауғаштыда, ал үш баланы реанимацияға алып кеткен дейді. Мамалары біз өзіміз де барамыз десе, солардың мамаларын жібермей қойды. Бүгін айтып жатыр «Вот мамалары өзімен»-дейді. Мамалары, кейін біздің осы шу шығарғаннан кейін ғана мамаларына сондай рұқсат берді.  


Дегенмен, бұл жайтқа денсаулық сақтау басқармасы, арнайы прокурор, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі және  Қылмыстық-атқару жүйесі департаментнің  өкілдері тексеріс жүргізіп, 14 баланың  уланғанын жоққа шығарды. Бірақ  22-23 наурыз аралығында үш бала Іле аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне «энтеровирустық инфекция, 0-1 дәрежелі сусыздану» диагнозымен түскен.