Енді Қазақстанда легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынады. Бүгін Сенат тиісті заңды екі оқылымда қарап мақұлдады. Есесіне қаржы Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындарында жеңіске жеткен отандық спортшыларды қолдауға жұмсалады. Сондай-ақ, спортшылармен қатар олардың жаттықтырушылары да әлеуметтік көмек алады. Бұдан бөлек, жоғары жетістікке жеткен спорт түрлері бірінші кезекте қаржыландылатын болады.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Спорт саласына бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ережелер де қамтылды. Мақұлданған заң саламатты өмір салтын насихаттауға, азаматтарды, әсіресе балаларды спортқа баулуға және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларын қолдау үшін аптасына 18 сағат жүктеме нормативі белгіленді. Нәтиже көрсетпеген мемлекеттік спорт ұйымдарының басшылары жұмыстан кетеді. Сондай-ақ республикалық және өңірлік спорт федерацияларының мәртебесі ұлттық спорт федерациялары болып өзгертіледі. Ал спорт федерациялары енді экстремизм мен терроризмнің алдын алатын болды.