"Жүк көліктерінің түтініне тұншығып, күндіз-түні мазамыз кетті". Ақтөбе іргесіндегі Рауан ауылындағылар кіреберіске салынған техникалардың тұрағына қарсы. Тұрғындар ары-бері жүрген көліктер балаларымызға қауіп төндіре ме деп қорқады.
Тұрғындардың көпшілігі қаланың лас ауасынан қашып осы ауылға қоныстанған. Бірақ былтырдан бері ауылдың кіреберісіне орналасқан жүк көліктер тұрағы тұрғындардың әбден берекесін алыпты.
ТЕМІРХАН ҚАЛДЫҒАРИН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Қалада тұрып, таза ауа жұтамыз экология деп пенсионер адамбыз далаға қашып келдік. Үлкен грузовой машиналар келіп, экологияны құртып жатыр. Тарсылдап, дүрсілдеп жолдың бойында трассадан автобус болмай қалғанда жаяу жүреді көбісі. Опасно жолда басып кете ме деп.
БОЛАТ МЕҢДІБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Он Камаз тұра ма, солардың соляркасының иісі балдарды өлтіреді, тамағын алады. Түсіндің ба. Экология мынау. Мына жерді берген адамды бірінші сотқа беру керек. Сосын анау белгі бар ғой соның ар жағына салсын.
Ауылда 2300-ден астам үй бар. Халық ауыл маңына жүк көлігіне арналған автотұрақтың салынуына түбегейлі қарсы. Сондықтан құрылысты тоқтатуды сұрап әкімдікке, экология департаментіне арызданған. Ал әкімдіктегілер бұл жер әу баста дүкен құрылысы үшін берілген, ол жерді басқа мақсатта пайдалану заңсыз дейді.
ЖАНАРГҮЛ МАҚАШЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Рауан тұрғын үй массивінде заңсыз құрылыс анықталған. Ол бойынша бүгінгі күні бүкіл құжаттар дайындалып, құзіретті органдарға жіберілетін болады.
Тексеру нәтижесі екі аптада белгілі болмақ. Әкімдіктегілер кәсіпкерге заңсыз құрылысты бұзуға уақыт бермек. Талап орындалмаса, мәселе сот арқылы шешіледі