$514.5 €582.67 ₽6.35
×

Қызылжарда “Miras” республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

27.03.2025ж. 20:00
218
Қызылжарда “Miras” республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Қызылжарда «Мағжан орталығы» жаңа мәдени орталығы ашылады. Бұл туралы аймақта “Amanat” партиясының бастамасымен өткен “Мирас” республикалық кеңесінің көшпелі отырысында айтылды.  Алқалы жиында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мәдени мұра мен ұлттық спортты дамыту мәселелері қаузалды. Биыл Қызылжар өңірінде мәдени нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 1 миллард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Оның ішінде Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеуге арналған “Мағжан орталығы” жаңа мәдени нысаны да бар. Сондай-ақ, Петропавлдың кіреберісінде Ботай мәдениетіне арналған ірі монумент бой көтермек.

АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “MIRAS” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ботай қонысы жылқы түлігін ең алғаш қолға үйретіп-мінген, жылқының сусынын алғаш дәм татқан халық ол біздің ата-бабаларымыз екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан алдағы уақытта осы “Тұлпар” күнін белгілеп, жылқыға ерекше мән берілген кезде осының бастауында Қызылжар өңірі тұру керек деп ойлаймын.