Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Тазалыққа атсалысқан тұрғындары ауыл аумағы мен орталық саябақты және жол жиегін тазалады. Жалпыұлттық жоба бүгінде жұртшылықтың кең қолдауына ие болды. Ауылды тазарту жұмысына қатысқандардың арасында мекеме қызметкерлерімен қатар, қарапайым тұрғындар да бар. Осылайша көпшіліктің күшімен 200-ге жуық ағаш түптері әктеліп, 1,5 тонна қоқыс шығарылды. Бұл бастама ауданның өзге де ауылдарында жалғасын тапты.
АРТУР ЕРМУХАНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚО АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Әрбір ауылдың ең басты көзге түсетіні - тазалығы. Сондықтан да осы тазалыққа көңіл бөлген ауыл тұрғындары бүгін жаппай сенбілікке шығып, өздерінің тұрып жатқан мекендерінің тазалығына өздерінің үлестерін қосуда. AMANAT партиясы аудандық филиалының қолдауымен осындай сенбіліктер әрі қарай жалғасады.
"Таза бейсенбі" экологиялық акциясына алматылықтар да атсалысты. Олар шара аясында «Мәңгілік даңқ» мәдени-тарихи ескерткішінің маңы тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Игі іске «AMANAT» партиясының Алатау аудандық филиалының мүшелері мен белсенділер атсалысты. Қатысушылар ескерткіш айналасын қоқыстан тазалап, 20 қап жапырақ пен қалдықтарды жинады. Сонымен қатар, ескерткіш жуылып, айналасына су себілді.
ЖАРҚЫН АЛДАНБЕРГЕНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Алдымызда үлкен ұлы жеңістің 80-жылдығы мерекесі келе жатыр. Сол 80-жылдыққа орай біз қазір Алатау ауданында тарихи ескерткіш орнатылған територияны аумақтарды осылай тазалау жұмыстарын жүргізуді біз жүйелі түрде ұйымдастырып келеміз. Әрбір сейсенбі күні осы ұлы отан соғысына қатысушылар бар, басқа да ескерткіштердің маңайын тазалап осындай партиялас әріптестерімізбен бірге тазалау жұмыстарын жүргізіп келе жатырмыз.