$503.42 €542.08 ₽6
×

Павлодарда Ұлы Отан соғысының 7 ғана ардагері қалды

27.03.2025ж. 20:00
170
Павлодарда Ұлы Отан соғысының 7 ғана ардагері қалды

Павлодарда Ұлы Отан соғысының 7 ғана ардагері қалды.  Жыл өткен сайын қариялардың қатарына сиреп барады. Солардың бірі – Сергей Выжутович. Ол небәрі 18 жасында майдан даласына аттанған. Жас болса да, бас болып ондаған қарулы қақтығысқа  қатысып, аман қалды. Екінші Беларусь майданында атқыштар дивизиясында болған.  Басып алған жерлерді азат ету үшін Польшаға дейін барған.  

СЕРГЕЙ ВЫЖУТОВИЧ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Балтық теңізінің солтүстік жағалауындағы жорықтарда алға шықтық. Екінші Беларусь майданын 65-армияны Павел Иванович Батов басқарды. Мен 133-гвардиялық полк, атқыштар дивизиясында болдым. Біз Гдынья қаласына дейін бардық. Үшінші мамырда Балтық теңізінің жағасындағы Росток қаласына жеттік. Сол күні соғыс аяқталды.


Соғыстан кейін  Сергей Выжутович құрлық әскерінде қызмет етті. 1947 жылы радиотехника мамандарын даярлайтын оқу орнын бітіріп, Балтық жағалауына қызметке аттанады. Бірнеше жыл өткен соң, Павлодар қаласына шақырту алды. Содан 1951 жылы осы қаланы салуға құрылысшы болып еңбек жолын бастаған. Бақандай 28 жыл шаһардың гүлденіп, дамуына тер төкті. Майдандағы еңбегі үшін екінші дәрежелі «Отан» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі» және «Германияны жеңгені» үшін медальдарымен марапатталған.