Бүгін - халықаралық театр күні. Атаулы мереке 65 жылға жуық уақыттан бері тойланып келеді. Қазір елімізде 70 театр жұмыс істейді. Оның 57-сі -мемлекеттік. Соңғы 4 жылда 5 жаңа мәдени ошақ ашылған. Бұл өнердің бағаланып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінде театр майталмандары қазақстандықтарды ғана емес, шетелдік көрермендерді де таңқалдырып жүр. Былтыр 396 гастрольдік сапар ұйымдастырылса, оның 350-і ел ішінде, 46-сы шетелде өткен.