Таза энегрия, ақылды қалалар және әлемдегі үздік білім. Бүгін ЭКСПО қалашығында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндия президенті Саули Ниинистёның қатысуымен фин елінің павильоны ашылды. Сондай-ақ қос мемлекеттің басшылары Қазақстан павильонына да қонаққа барды. Толығырақ Айбек Қосанның материалында.
Ресми шара екі мемлекеттің павильондарын аралаудан басталды. Жаңа технологиялар мен жетістіктерді көрген басшылар алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуды көздейтінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Наши отношения можно назвать образцовыми. Мы с Вами неоднократно встречаемся на различных мировых площадках. Финляндия поддержала нас в выборе места проведения «ЭКСПО-2017», а также при получении статуса непостоянного члена Совета Безопасности ООН. Казахстан также всегда оказывает поддержу Финляндии на международной арене.
Серіктестік орнатудың бір оңтайлы тұсы - Қазақстанның геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуында. Біздің ел Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен шектеседі. Бұл орта есеппен алғанда 500 миллион халықты қамтыған ауқымды нарыққа апаратын жол.
Саули Ниинисте, Финляндия Республикасының президенті:
Қазақстан-фин бизнесінің ұқсас тұстары бар. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы сапарымда менімен бірге бизнес делегация өкілдері келген. Қазір сол кәсіпкерлер өзара байланыс орнатып, сауда саласында тиімді қадамдар жасап жатыр екен. Осы жолы сыртқы сауда министрі келді. Оның мақсаты - қалыптасқан қатынасты одан әрі дамыту.
Фин елі баламалы энергия көздеріне қатысты жетістіктерімен қатар мәдени бағдарламаларын ала келіпті. Көрмеге келушілер бұл жерде Санта Клаусты көре алады, музыканттардың өнерін тамашалауға да мүмкіндігі бар. Қазақ тілінде ән айтатындарды да кездестіресіз.
Сара Алто, әнші:
Мен түрлі тілде ән айтқанмын. Енді қоржыным қазақ тілімен де толықты. Төл әріптеріңізді айтуда қиналғаным рас, сол үшін бірнеше сағаттап дайындалдым. Осы арқылы әннің мағынасын түсіндім. Тамаша шығарма екен.
Павильонның безендірілуінің өзі керемет. Комиссар Севери Кейналдың айтуынша, қабырғалардағы мүктің өзі табиғи.
Севери Кейнала, Финляндия павильонының комиссары:
Павильон 4 тақырыпқа арналған. Ол таза энергия, ақылды қалалар, таза су және үздік білім. Барлығы энергиямен байналысты. Сапалы білім - бар жетістіктің бастауы.
Финляндияның ұлттық күні ел егемендігінің 100 жылдығына арналған. Бұл мерекені олар 6 желтоқсанда атап өтеді де жыл бойы тойлайды. Жаңғырмалы энергия көздерін дамыту Еуропаның солтүстігінде орналасқан елде жақсы дамыған. Алдағы 10 жылда олар толықтай қара отыннан бас тартып, мұнай сатып алуды азайтпақ.
Айбек
ҚОСАН