$503.42 €542.08 ₽6
×

ШҚО-да белгісіз біреу жас жұбайларды пәтерінде өлтіріп кеткен

AstanaTV
28.03.2025ж. 06:45
126
ШҚО-да белгісіз біреу жас жұбайларды пәтерінде өлтіріп кеткен
Фото: freepik

Риддерде жас ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен. Олардың екі баласы жетім қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy yk-news-ке сілтеме жасап.

Алдын-ала деректерге сай, қанды оқиға отбасының пәтерінде болған. Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.