$503.42 €542.08 ₽6
×

Алматыда 70 мыңға жуық көлік иесі салық төлемеген

AstanaTV
28.03.2025ж. 09:44
81
Алматыда 70 мыңға жуық көлік иесі салық төлемеген

Алматыда 70 мыңға жуық көлік иесінің мемлекетке 3,5 миллиард теңгеден астам салық қарызы бар. Кейбір борышкерлердің берешегі 20 миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, 2024 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі 1-сәуірде аяқталады. Егер осы уақытқа дейін салық төленбесе, борышкерлерге қатысты заңды шаралар қолданылады. Атап айтқанда, шоттарды бұғаттау, мүлікке тыйым салу және елден шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Көлік салығын E-Salyq Azamat қосымшасы, екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары немесе «Қазпошта» бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Мамандар салықты уақытында өтеуді ескертеді, өйткені мерзімі өтіп кеткен жағдайда айыппұл мен өсімпұл қарастырылады.