$503.42 €542.08 ₽6
×

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

AstanaTV
28.03.2025ж. 15:03
365
Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді
Фото: ашық дереккөзден

29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.