Таразда патрульдік полиция қызметкерлері LED-шамдарын заңсыз орнатқан Volkswagen Passat көлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қозғалысын жалғастырып, қашып кетпек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қауіпті маневрлер жасап, жол-көлік оқиғасына себепші бола жаздап, айналасындағылардың өміріне қауіп төндірді.
Бірнеше патрульдік экипаждың көмегімен көлік тоқтатылғаннан кейін, жүргізуші жаяу қашып, аулаларға жасырынуға әрекеттенген, алайда тәртіп сақшылары оны жылдам қолға түсірді.
21 жастағы жігіт ағасына тиесілі көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны анықталды. Көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты 9 әкімшілік хаттама толтырылып, 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.
Полицейлерге бағынбау дерегі бойынша іс сотқа жіберілді.