$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Атырау облысында 28 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті

28.03.2025ж. 20:00
73
Атырау облысында 28 жастағы келіншекті бұрынғы күйеуі пышақтап кетті

Атырау облысында 28 жастағы келіншекті  бұрынғы күйеуі пышақтап кетті. Әйел сол жерде  қайтыс болды. Жантүршігерлік оқиға  аудандық орталық емханасында болған.  Марқұм емдеу мекемесінде бірнеше жылдан бері заңгер боп жұмыс істеген.  Экс- күйеуі жұбайының  жұмыс кабинетіне кіріп,  мойын   тұсына пышақ сұғып алыпты.  Келіншектің жанұшыра көмек сұраған дауысын естіген күзетші  жетемін дегенше,   өмірімен қош айтысып үлгерген. Сұхбат беруден бас тартқан куәгерлердің сөзінше,  ойын іске асырған қылмыскер емханадан шығып,  ізін суытып үлгерген.  Алайда полиция көп ұзамай тауып, тергеу абақтысына тоғытты.  Марқұмның артында екі баласы қалды.

АЙБЕК ШАПИХОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

“Адам өлтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалып,  тергеу амалдары басталды.  33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды.  Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.