$503.42 €542.08 ₽6
×

Наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады

AstanaTV
28.03.2025ж. 17:11
121
Наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Қазгидромет 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес алдағы күндері де кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне әсерін сақтайды. Бұл өңірлерде күн шуақты болады.

Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.