Ұлытау облысында киік қырылып жатыр. Қазір 3 мыңға жуық өлексе табылды. Дені аймақты сумен қамтып отырған Кеңгір су қоймасынан шыққан. Өлекселер арнайы мал қорымында жойылуда. Енді тұрғындар ауыз су сапасына алаңдап отыр. Сондықтан судан сынама алынады. Мамандардың айтуынша, дала жануары қыс бойы суық пен аштыққа шыдай алмай қырылып қалған болуы мүмкін. Киік өлекселерін жинау жұмысы жалғасуда.