Дәрінің бағасы шарықтап тұр. Әсіресе, жеңіл респираторлық ауруларға қарсы препараттар қымбаттаған. Кейбірінің құны тіпті екі есе өскен. Бұған не себеп? Мәселенің мән-жайын тілшіміз тарқатып айтады.
НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:
Көктем мезгілінде вирусты аурулар кең тарайды. Қазір түшкіріп, жөтеліп жүргендер көп. Ал дәріханада дәрі-дәрмек қымбат. Айдан айға, күннен күнге бағасы көтерілуде.
Фармацевтикалық өнімдер құны өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға дейін қымбаттаған.
Дәріні алмасаң болмайды, алсаң бір айлық жалақың кетуі мүмкін. Тұрғындар осылай деп қиналады.
БЛИЦ:
- Бір уколымның өзі например, арзан жерді іздегеннің өзінде 46.000 теңге шықты. И то ол уколды мен туғаннан кейін тағы қоюуым керек.
- Дәрілер жоғары енді, қымбат!
- Көздің дәрісін 10.000 теңгеге алдым, кіп-кішкентай.
Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат Омаров препараттардың қымбаттағанын растайды. Айтуынша, мемлекет бекіткен бағадан кейін делдалдар ойына келген сомманы қосады.
ТАЛҒАТ ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Барып заводтан сатып ала алмаймыз ондай хақымыз жоқ. Оны тек қана жанағы оптовый компаниялар бізге береді. Жол ақылы. 100 шақты көлік болатын шығар, соларды неге мемлекет босатпайды? Олар өйткені, пайда көру үшін емес, ол әлеуметтік товар. Сондықтан бұған мемлекеттен ерекше көзқарас керек.
Отандық өндіріс ақсап тұр. Сондықтан импортқа тәуелдіміз. Қазақстанға дәрілік препараттар АҚШ пен Еуропадан тасымалданады. Соған байланысты бағада өзгеріс жиі болады.
ӘСИЯ МОЛДИМАНОВА, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Егерде шектік бағадан асу фактісі анықталса, сол дәріхана иесіне как жеке кәсіпкер ретінде 130 айлық есеп көрсеткішімен айыппұл салынады.
Дәрілік заттардың бағасына мониторинг күнделікті жүргізіледі, баға қосқандар жазасын алады деп сендірді жауаптылар.