Қазақстанда 772 кәсіптік-техникалық білім ошағы бар.Онда бес жүз мыңнан астам студент оқиды.Алайда еліміздің еңбек нарығында білікті маман тапшы. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды даярлауға басымдық беру керегін атап өтті. Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет екенін айтты.
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің директоры Дмитрий Павленко- Ұлттық құрылтай мүшесі. Ол төртінші отырыста мінберге шығып, кәсіптік-техникалық білімнің маңыздылығын баяндады.
ДМИТРИЙ ПАВЛЕНКО, ҚОСТАНАЙ АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:
Біз кәсіпорындармен тығыз байланыс орнаттық. Тобыл өңірінде жыл санап өндірістік кәсіпорындар көбейіп келеді. Өндірістің көкжиегі кеңейген сайын, салаға қажетті мамандар тапшылығы туындап отыр.Біздің колледж осы жағдайды ескеріп, сол кәсіпорындармен бірлесіп оқу бағдарламасын әзірлеп, соларға қажетті маманды даяру ісін қолға алды. Құрылтайда осыны айттым.
Алпыс жылдық тарихы бар автомобиль көлігі колледжінде қазір 1400 студент оқиды. Олар 13 мамандық бойынша білім алып жатыр.Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Еламан Қабдырасыл да осында оқып жүр. Студент оқуын тәмамдаған соң Қостанайдағы көлік зауыттарының біріне жұмысқа тұрам дейді.
ЕЛАМАН ҚАБДЫРАСЫЛ, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:
Қазіргі жастар осы техникалық мамандықтарға бару керек.Мысалы зауыттарда жұмыс істеуге.Жастардың қызығушылығын арттыру керек.Қазақстан дамып жатыр.Қостана индустриалды болып жатыр.Зауыттарға біз сияқты жас мамандар керек мысалы.
Колледжде «Жарқын болашақ» бағдарламасымен оқуға түскен шәкірттер көп.Олардың дені Маңғыстау, Жамбыл, Алматы облысынан. Балалар жайлы жатақханамен қамтылған. Және мемлекеттік тілде терең білім алуға бар мүмкіндік жасалған.
БАУЫРЖАН ЫСМАҒҰЛОВ, ОҚЫТУШЫ:
Терминдер сөздігін осы колледжде арнайы пән мүғалімдері мен оқытушылар осыны жасаған.Сондықтан алдын ала айтып қояйын бізде басқа да колледжедр осыдан үлгі алып, ары қарай осындай біздегі терминдер сөздігімен танысып, керек болса қолдануға болады.Бұның электронды нұсқасы да бар.
Білім ошағының түлектері практикадан өтіп, кейін бірден жұмысқа орналасады.Сондықтан оқу ордасына түскісі келетін жастар саны жыл сайын артып жатыр. Былтыр 750 бала құжат тапсырған, соның бес жүзі қабылданды.