Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесіне ұсынылған жаңа құрамның кандидатурасы қарастырылды. Сондай-ақ Аналар кеңесінің үлгілік ережесі бекітілді. Кеңестің кезекті отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов 30 жыл ішіндегі жетістіктерді тізбектеді. Сонымен қатар Ассамблеяның 30 жылдығын ұйымдастыру бойынша бекітілген шараларды атап өтті. Шараға жиналғандар биыл Құрылтайда көтерілген мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.
БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚХА МҮШЕСІ:
Енді бүгін келіп отырған басты мақсатымыз кеше Құрылтайда айтылып жатқан шаруаларымыз бар. Құрылтайда Президенттің берген тапсырмалары бар. Қазір осы мақсатта нақты ұсыныстарымызды айтып, біздің ұлттық салт-дәстүрлердің іске асырудағы біздің даңғойлығымыз бен дарақылығымызға кішкене шектеу қою жөнінде біздің Ассамблея мүшелері де өздерінің ұсынысын білдіреді деп есептеймін.