$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде

AstanaTV
28.03.2025ж. 20:00
129
Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде

Алматы облысында ұлттық мұраны жаңғырту ісі қарқын алып келеді. Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкері Талғат Қанапия темірден жасалған жиналмалы киіз үйлер өндірісін жолға қойды. Оның шеберханасы жылына 300-ден астам үй шығарады. Бұл кәсіпті кеңейтуге «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы үлкен мүмкіндік берген. Қазір 12 адам тұрақты жұмыс істейді, жазда олардың саны екі-үш есе артады дейді.  «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл Алматы облысында 1,7 миллиард теңгеге 186 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие ұсынып, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету салаларын дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

ТАЛҒАТ ҚАНАПИЯ, КӘСІПКЕР:

Былтыр сол үкіметте біраз көмектесті. Жаңағы ауыл аманатынан бір 3 миллион алдық жаңағы 2,5% өсімімен. Ол да көп көмектесіп жатыр. Цех салдым. Соған кем кетік машинка, анандай мынандай нәрселер алдым. Соған үкіметтің көп көмегі болды.