$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Жаңа мүмкіндіктердің бастауы: SDU University жаcанды интеллект блогы ашылды

AstanaTV
28.03.2025ж. 20:00
165
Жаңа мүмкіндіктердің бастауы: SDU University жаcанды интеллект блогы ашылды

Алматы облысында SDU University аумағында жасанды интеллект зерттеулеріне арналған жаңа блок ашылды. Орталық заманауи технологияларды зерттеп, IT саласындағы болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Жаңа нысан қайырымдылық қор демеушілігімен салынды.

Жалпы аумағы 5,6 мың шаршы метр болатын жаңа блокта жасанды интеллект пен финтех-инновациялар бойынша зертханалар орналасқан. Мұнда студенттер  сарапшылардан инвестициялау мен трейдингтің негізгі қағидаларын үйреніп, өз стартаптарын жүзеге асыра алады.

ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP. КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 
Жеке блоктың ашылуы заманауи технологияны зерттеу мен дамытуға үлкен мүмкіндік береді, сондай-ақ еліміздің экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Бұл жобаға біздің қолдауымыз – жай ғана инфрақұрылымға салынған инвестиция емес, ертең әлемді өзгертетін жас таланттарға жасалған инвестиция. Біз технологияның күшіне және Қазақстанның ғаламдық цифрлық трансформацияда атқара алатын рөліне сенеміз.


Жаңа ғимарат жасанды интеллект пен қаржылық технологияларды зерттеуге арналған хабқа айналады. Мұнда түрлі тақырыптық іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылып, студенттер мен сарапшылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріледі.

ӘЛІМЖАН ИГЕНБАЕВ, SDU University РЕКТОРЫ:

Айти факультетінің түлектері қазір Қазақстанда өте көп қоғамның жұмысын жеңілдетуге байланысты қалалық инфраструктураны қалыптастыруға байланысты қарқынды еңбек етіп келеді. Олардың бірі мына енді мысалы сергек автомобильді көлікті жолды бақылау жүйесі.


Бүгінде   университетте 9 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Оқу орны IT, инженерия, педагогика және бизнес салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлайды. Жаңа орталық   елдегі цифрлық білім мен инновацияны дамытуға серпін бермек.