$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Астанада әйелдер денсаулығы жайында ашық талқылау өтті

28.03.2025ж. 20:00
151
Астанада әйелдер денсаулығы жайында ашық талқылау өтті

Астанада әйелдер денсаулығы жайында ашық талқылау өтті. Онда қыз-келіншектер арасында жиі кездесетін гинекологиялық аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесінің маңызы айтылды.  

Кездесуге түрлі жастағы 50-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Оларға алдымен заманауи контрацепция әдістері туралы мағлұмат берілді. Өйткені жоспарланбаған жүктілікті денсаулыққа зиянын тигізбей болдырмауды бірі білсе, бірі білмейді дейді – мамандар.

АЙНҰР ТӨЛЕТОВА, ГИНЕКОЛОГ:

Жедел контрацепция препараттары ұрпақ өрбіту қабілетіне әсер етпейді. Олардың әсер ету механизмі уақытша және репродуктивті жүйеге зиян келтірмейді. Бұл - ғылыми дәлелденген факт. Контрацепция – бұл денсаулыққа қауіп емес, керісінше, күрделі жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі.


Зерттеу көрсеткендей, респонденттердің 73%-ы жедел контрацепцияның бар екендігін біледі, бұл қоғамда осы тақырып бойынша хабардарлықтың біртіндеп артып келе жатқанын көрсетеді. Алайда, 43%-ы жедел контрацепция бедеулікке әкелуі мүмкін деп есептесе, 55%-ы оны түсік жасатумен теңестіреді.

НАЗЫМ ЖАНҒАЗЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ:


Өткен жылы біз сауалнама өткізген болатынбыз, оған 200 әйел қатысты. Өңірлік жерлерде әйелдердің 50 пайызы 5 жылда 1-2 рет қана гинекологқа барып тексерістен өтеді екен. Әйел денсаулығы тақырыбының төмендегі, ол жайында ақпараттың аздығы.


Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы әйелдердің басым көпшілігі өз денсаулығына жауапкершілікпен қарамайды. Әсіресе гинекологиялық аурулардан хабарсыз. Бұл -алаңдатарлық проблема. {Қоғам назарынан тыс қалып жүрген тақырыптарды ашық талқылау арқылы қыз-келіншектерге көмектесу басты мақсатымыз дейді - ұйымдастырушылар.